Өкінішке қарай,біздің бірде-бір балуан финалға шыға алмады. Бұл - құраманың алтын медаль үшін таласу мүмкіндігінен айырылғанын білдіреді. Бүгін жүлде үшін күресті жалғастыратын жалғыз спортшы - 62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Тыныс Дүбек. Ол қола медаль үшін белдеседі.
Кеше 76 келі салмақта Гүлмарал Еркебаева қола жүлдеге қол жеткізіп, команда қоржынына жалғыз медальды салды.
Ал 72 келі салмақ дәрежесінде күрескен басты үмітіміз Жамиля Бакбергенова жарысты ерте аяқтап, жанкүйерлердің үмітін ақтай алмады.
Осылайша, әйелдер құрамасы үшін бұл Азия чемпионаты сәтсіз өтті деп айтуға толық негіз бар.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!