«Ол кетуі мүмкін. Бірақ, бауырым біз мұнда ұзаққа келдік», — Усман Нұрмагомедов Арман Царукянның UFC-дегі көшбасшылыққа қатысты амбициясына қатаң жауап берді. 

Кеше ғана Усман Нурмагомедов шілде айында PFL-дегі жеңіл салмақ бойынша чемпиондық белбеуін кезекті рет қорғайтынын хабарлады. Бұл жекпе-жек ресейлік спортшының ұйыммен жасасқан қазіргі келісімшарты аясындағы соңғы кездесуі болмақ.