Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасуда. 6–12 сәуір аралығына жоспарланған құрлық додасының бүгін үшінші жарыс күні.

Бүгіннен бастап жарыс бағдарламасына әйелдер күресі қосылып, кілемге Азияның мықты балуандары шығады. Қазақстан құрамасы бүгін бес спортшысын сынға қосады.

Атап айтқанда, 50 келі салмақ дәрежесінде Марал Тәңірбергенова белдессе, 55 келіде Шұғыла Әмірбек өнер көрсетеді. 59 келіде ел намысын Виктория Хусаинова қорғайды. Ал 68 келіде тәжірибелі балуан Елена Шалыгина күрессе, аса ауыр салмақ — 76 келіде Гүлмарал Еркебаева жүлдеге таласады.

Қазақстандық балуандар үшін бұл құрлық чемпионаты алдағы ірі халықаралық жарыстарға дайындықтың маңызды кезеңі саналады. Жанкүйерлер отандастарымыздан сәтті белдесулер мен жоғары нәтижелер күтеді.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 сәуірге дейін жалғасады. Жарыстың соңғы күндері еркін күрес шеберлері кілемге шығады