Бішкек қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында бүгін Қазақстан әйелдер күресі құрамасының үш спортшысы қола медаль үшін сайысқа.
50 келіге дейінгі салмақта Марал Тәңібергенова, 68 келіде тәжірибелі Елена Шалыгина кілемге шығады. Ал 76 келі салмақта ел намысын Гүлмарал Еркебаева қорғайды.
Қола медаль үшін белдесулердің тікелей трансляциясы «Qazsport» телеарнасында сағат 17:00-де басталады.
Азия чемпионаты 6 сәуірде басталып, 12 сәуірге дейін жалғасады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!