6-12 сәуір аралығында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан әйелдер құрамасының бес спортшысы бозкілемге шықты.

53 келіге дейінгі салмақта Зейнеп Баянова, 57 келіде Нилуфар Раимова, 62 келіде Тыныс Дүбек, 65 келіде Айжан Сүйдүкова, ал 72 келіде тәжірибелі Жамиля Бакбергенова ел намысын қорғады.

Алайда қазақстандық балуандар финалға шыға алмады.Әйелдер күресі үшін соңғы жарыс күнінде ең үздік нәтижені Тыныс Дүбек көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті. Бірақ ол бұл кезеңде Солтүстік Корея спортшысына мерзімінен бұрын есе жіберді.

Жүлдеге басты үміткерлердің бірі саналған Жамилә Бақбергенова күтпеген жерден Үндістан балуанынан 6:5 есебімен жеңілді.

Қалған спортшылар жарысты алғашқы кезеңдерде аяқтады.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл жарыс күнінде финалға жолдама ала алмай,сары құрлық чемпионатын алтын медальсыз аяқтады. 2025 жылығы Азия чемпионатында жалғыз алтын медальды қоржынға Жәмилә Бақбергенова салған болатын.