11 сәуір өтетін IBA Nоmad турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында күтпеген жағдайдың куәгері болдық.

Ресейлік файтер Ибрагим Исламов (Никархо) өзінің қарсыласы - қазақстандық Санжар Тәжиевпен дайындық барысында қатты жақындасып кеткенін мәлімдеді.

Файтерлердің айтуынша, олар бір-біріне сыйлық жасап, өзара үлкен құрмет қалыптастырған. Соның нәтижесінде, дәл баспасөз мәслихатында олар бір-біріне қарсы жекпе-жекке шыға алмайтындарын жариялады.

Санжар Тәжиев қазақтың қонақжайлығын көрсетіп, қарсыласына сыйлық тарту етсе, Исламов та жауап ретінде сыйлық жасаған. Бұл әрекет олардың арасындағы сыйластықтың белгісі болды.

Файтерлер енді бір-біріне қарсылас емес, керісінше шешен және қазақ халықтарының достығын насихаттаушылар екенін атап өтті.

Жекпе-жек өтпейтін болғанына қарамастан, лига жедел шешім қабылдап, Исламовқа жаңа қарсылас тауып үлгерді.

Ал Санжар Тәжиев болса бірден қырғызстандық файтер Марсель Нурланбекұлына шақыру тастады.

Қазіргі таңда Марсель қазақстандық Еркебұлан Тоқтарды жеңгеннен кейін танымалдылық шыңында жүр. Баспасөз мәслихатында-ақ Тажиев пен Нурланбеков өз жекпе-жектерін қыздырып, алғашқы трэш-токтарын бастап кетті.