Қазақстандық балуан Ризабек Айтмухан мен америкалық Кайл Снайдер RAF турнирі алдында көз арбасты. Белдесу 19 сәуір күні өтеді.

Кайл Снайдер үшін бұл белдесу – оның чемпиондық титулын алғашқы рет қорғамақ. Ол бұл белбеуді Ахмед Тажутдиновке қарсы өткен кездесуде жеңіп алған еді.

Ал Ризабек Айтмұхан алдағы айқасқа үлкен сеніммен қарап отыр:
«Болашақта бұл менікі. Мен чемпионмын, мен патшамын», - деген мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, бұл екі балуан бұған дейін де кездескен. 2025 жылдың ақпан айында өткен белдесуде Снайдер 8:0 есебімен жеңіске жеткен.

Алдағы жекпе-жек Айтмұхан үшін есе қайтарып, чемпиондық белбеуге қол жеткізуге мүмкіндік болмақ.