Шон Стрикленд UFC 328 турниріндегі Хамзат Чимаевпен айқастың бесінші раундында болған қызық жағдайды айтып берді.

Америкалық файтердің сөзінше, Хамзат оған октагон ортасында ашық төбелесуді ұсынған, бірақ кейін аяққа өтіп кеткен.

— Хамзат, біз енді ғана төбелестік, жаман ештеңе айтқым келмейді, бірақ сен оңбағансың… Ол маған: “Көрермендерге керек нәрсені берейік. Еркектерше төбелесейік” деді. Мен болсам: “Жарайды, саған сенемін” дедім. Бұл жігіт кеше ғана мені төмпештеп белден төмен жерден теуіп кеткен еді, бірақ бәрібір сендім. Қолымды көтеріп едім, ол бірден аяққа өтті де, маған қарап күліп тұрды, — деді Стрикленд.

Еске салайық, UFC 328 турнирінде Шон Стрикленд Хамзат Чимаевты төрешілердің екі жақты бөлінген шешімімен жеңіп, UFC-дің орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қайта иеленген болатын.