Бұған дейін LFA және ONE Championship сынды халықаралық ұйымдарда өнер көрсеткен қазақстандық спортшы енді UFC-ге апарар басты іріктеудің бірінде бақ сынамақ.

Айта кетейік, TUF 34 маусымы бұл жолы екі салмақ дәрежесінде өтеді: ерлер арасында — 61 кг, әйелдер арасында — 48 кг. Жобаның бапкерлері ретінде UFC аңыздары Даниэль Кормье және Майкл Биспинг таңдалған.

Артем Белах 1996 жылдың 18 қаңтарында Ақмола облысы Ерейментау қаласында дүниеге келген. 18 жасына дейін туған жерінде өмір сүріп, кейін кәсіби мансабын Ресей лигаларында бастаған. Қазіргі таңда оның рекорды — 11 жеңіс, 2 жеңіліс.

TUF 34 премьерасы 14 маусым, жексенбі күні Paramount+ платформасында өтеді.

Ақпарат көзі: Вестник ММА