Жекпе-жек қарқынды басталғанымен, бірінші раундтың небәрі 15-секундында Ермахан қарсыласының хай-кигіне үлгермей, нокаутқа түсіп қалды. Айқас өте жылдам аяқталып, кездесу қазақстандық файтер үшін сәтсіз өрбіді.

Айта кетейік, Орынтаев LFA лигасындағы дебюттік жекпе-жегінде де нокаутпен жеңілген болатын. Соған қарамастан, ол өзін дәлелдеу үшін тағы бір мүмкіндік алып, октагонға қайта шықты. Алайда бұл жолы да нәтиже өз пайдасына шешілмеді.