Қытайдағы қазақ файтері Әли Мұратбек (20-4) JCK лигасындағы кезекті жекпе-жегінде сенімді жеңіске жетті. Ол қарсыласын бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Бұған дейін JCK лигасының Гран-при чемпионы атанған Әли бұл жолы 77 келі салмақта күш сынасып, жаңа дивизиондағы мүмкіндігін көрсетті.
Бұл жеңістен кейін оның келесі қарсыласы JCK лигасының басты жекпе-жегінде уақытша белбеу үшін кездесіп жатқан Рустамбек Нұржанов пен оның қарсыласы арасындағы айқастың жеңімпазы болуы мүмкін.
Осылайша, Әли Мұратбек JCK-дегі титулдық жекпе-жекке бір қадам жақындай түсті.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!