UFC жеңіл салмақ дәрежесінің үздік файтерлерінің бірі Арман Царукян Илия Топурияға бағытталған кезекті резонансты пікір білдірді. Ол қарсыласын тек спорттық тұрғыда ғана емес, жеке қасиеттеріне қатысты да қатты сынға алды.

Царукянның айтуынша, Топурияның бұрынғы сөздері оған ұнамаған. Әсіресе, «Твиттердің гангстері» деген сипаттамаға жауап ретінде ол өзін мүлде басқаша адам ретінде көрсетті.

«Ол мені “Твиттердің гангстері” деп атады. Бірақ мен гангстер емеспін — мен еркекпін. Ал Илия еркек емес. Ол құйрығындағы түктерін қырады. Қолындағы, аяғындағы түктерін де қырады. Нағыз еркек ретінде мен ондай нәрсе жасамаймын», — деді Царукян.

Сонымен қатар, файтер қарсыласының сырт келбетіне де назар аударып, оның видеоларында байқалатын ерекшеліктерді мысалға келтірді.

«Оның видеоларын қарасаңдар, аяғында ешқандай түк көрмейсіңдер. Сонда оның жұмсақ жерінде түк болады деп ойлайсыңдар ма?» — деп қосты ол.

Бұл мәлімдеме жанкүйерлер арасында қызу талқылауға себеп болды. Әлеуметтік желілерде біреулер Царукянның сөзін қолдаса, енді біреулер мұндай жеке басқа қатысты пікірлерді орынсыз деп есептейді.

Айта кетейік, Арман Царукян мен Илия Топурия арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы әңгімелер соңғы уақытта жиілеп келеді. Егер бұл кездесу жүзеге асса, ол UFC-дегі ең қызықты айқастардың біріне айналуы мүмкін.