Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы медальға қол жеткізді.

Бұл жетістіктің джиу-джитсу шебері - Батыр Теңізбай. Ол 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасы Мансұр Хабибулланы жеңді.

Кездесу 2:0 есебімен Теңізбайдың жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, бүгін, 23 сәуір күні, тағы екі қазақстандық спортшы - Жібек Кұлымбетова (52 кг дейін) және Ажар Салықова (63 кг дейін) қола медаль үшін сынға түседі.

Сурет: Никита Басов, Қазақстан ҰОК