UFC-дің жеңіл салмақтағы №2 файтері Арман Царукян Илия Топурияның болашағына қатысты өз ойын ашық жеткізді. Оның айтуынша, гүржілік спортшы салмақ ауыстырса да, табысқа жетуі екіталай.

«Топурия жартылай орта салмаққа көтерілгісі келсе, мәселе жоқ, көтерілсін. Бірақ ол жерде Ислам Махачев оны тас талқан етеді. Одан кейін ол қайтадан жеңіл салмаққа түседі, ал бұл жерде мен оны талқандаймын. Содан соң UFC оны лигадан шығарып жібереді. Егер біз оны осылай жеңсек, оның ұйымнан кетуі әбден мүмкін», — деді Царукян.

Сондай-ақ, ол Топурияның чемпион Ислам Махачевке қарсы мүмкіндігі жоқ екенін атап өтті.

«Топурия Исламды жеңе алмайды. Оның ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол сабмишн жасаймын деп жүр, бірақ бұл мүмкін емес. Нокаутпен жеңуге мүмкіндігі бар. Бірақ тіпті Хабиб Нурмагомедовтың өзі Исламды сабмишнмен жеңе алмайды», — деді ол.

Сөз соңында Царукян Топурияның салмақ ауыстыруына байланысты тағы бір сұрақ тастады:

«Илия жартылай орта салмаққа көтерілсе, белбеуін босата ма, жоқ па, оны көре жатармыз».

Айта кетейік, Илия Топурия соңғы уақытта салмақ дәрежесін өзгертуі мүмкін екені туралы жиі айтылып жүр.