UFC жауынгері Брайан Ортега өзінің бұрынғы қарым-қатынасы туралы ашық айтып, экс-сүйіктісі Трэйси Кортес туралы жағымсыз естеліктерімен бөлісті.

Оның айтуынша, қарым-қатынас ұзақ уақыт бойы қиын өткен және соңында ол бәріне нүкте қоюға мәжбүр болған.

«Ақыры, менің де төзімім таусылды. Өзіме Жаңа жылға “сыйлық” жасап, оған: “Сен Жаңа жылда кетуің керек” дедім», — деді Ортега.

Файтердің сөзінше, бұл қарым-қатынас оның жеке өміріне де, жаттығу процесіне де кері әсерін тигізген.

«Ана үшін ұлын сондай ұрыс-керісті қалайтын адаммен көру - ең жаман нәрсе. Мен ешқашан тыныштық таппадым, жаттығу жиындары өте қиын өтті. Түнгі 3–4-те ұрыс-керіс немесе мәнсіз әңгімелер болатын. Ақыры, мен: “Бұл жерден кет, Аризонаға қайт та, жүре бер” дедім», — деп еске алды ол.

Сонымен қатар, Ортега басқа спортшылар да уақыт өте келе шындықты түсіне бастағанын атап өтті. Ол мысал ретінде Алекс Перейраны келтірді.

«Қазір Алекс Перейра сияқты жігіттер де түсіне бастады: “Мен оны тым жоғары қойыппын” деп. Енді олар оның шын мәнінде кім екенін түсініп жатыр», — деді Ортега.