"Бұл Азия ойындарына шамамен бір айлық дайындықпен келдік. Сол жағы да әсер етті деп ойлаймын. Ұлттық құрамадағы спортшылардың басым бөлігі әлі жас жігіттер. Мәселен, 2006 жылғы Әлинұр Қуатұлы ұлттық құрамаға жақында кірген. Сондай-ақ Батыр Теңізбай және Болатбек Сейілхан 2005 жылғы спортшылар.
Жалпы ұлттық құрамадағы жас жігіттерді әрі бірінші нөмірлі спортшыларды жазғы Азия ойындары алдында тексеріп алғанымыз жақсы болды. Негізі екі алтын күткен едік. Бірақ бұйырғаны осы болып тұр. Кеткен қателіктермен жұмыс істеу керек.
Бәсекенің деңгейі жайлы айтар болсақ, жарысқа қатысқан 30 ел ең мықты спортшыларын алып келген.
Ендігі басты мақсатымыз - жазғы Азия ойындарында бабымызда болу. Жалпы, медальсіз қалған жоқпыз. Дегенмен мұнымен шектелмейміз", - деді бас бапкер.
Айта кетейік, жағажайдағы Азия ойындарында Нұржан Батырбеков (69 келіге дейін) алтыннан алқа тақса, Батыр Теңізбай (62 келіге дейін), Әлинұр Қуатұлы (69 келіге дейін), Болатбек Сейілхан (77 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!