Қазақстандық жеңіліп көрмеген файтер Саламат Исбулаев-тың келесі қарсыласы ресми түрде белгілі болды. Ол 27 маусым күні АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өтетін жекпе-жекте октагонға шығады.

Исбулаевтың қарсыласы — PFL-дің екінші нөмірлі файтері, рекорды 24-2 болған тәжірибелі спортшы А. Джей Макки. Ол бұрын Bellator ұйымының чемпионы атанып, жоғары деңгейдегі қарсыластарды жеңген.

Айта кетейік, Саламат Исбулаев PFL-дегі дебюттік жекпе-жегінде рейтингте үшінші тұрған Хесус Пинеда-ны бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Алайда соған қарамастан, ол қазіргі уақытта рейтингтің 6-орнында қалып отыр.

Енді қазақстандық файтерге бірден дивизионның ең мықты қарсыластарының бірі ұсынылып отыр. Бұл оның чемпиондық белбеуге жолындағы ең үлкен сынақтардың бірі болмақ.