Спортшының айтуынша, UFC өкілдері оларға тіпті су сабын немесе гигиеналық құралдардың құрамында тыйым салынған заттар болуы мүмкін екенін ескерткен.
«UFC бізге тізім береді. Ол тізімді қарап шығатын болсаңыз, дәріханадағы 10 дәрінің 6-ауын қолдануға болмайтыны белгілі болады. Тіпті кейбір сусабын (шампунь) денеге сіңіп кетуі мүмкін, сол арқылы да тыйым салынған заттар ағзаға түсуі ықтимал», — дейді спортшы.
Журналистер мен халық арасындағы түсінбеушілік
Әліби кейбір ақпарат құралдарының жағдайды бұрмалап көрсеткеніне қынжылыс білдірді.
«Біздің журналистер „Әліби допингпен ұсталды“ деп жазып, халықты шулатып жіберген. Шындығында, ол тек салмақ қууға көмектесетін нәрсе еді. UFC мұны допинг емес деп шығарды. Егер бұл нағыз допинг болса, спортшы 2-ден 4 жылға дейін шеттетілер еді.», — деп түйіндеді файтер.
Бұл жағдай кез келген кәсіби спортшы үшін үлкен сабақ. Әлемдік деңгейге шығу үшін тек жаттығу жеткіліксіз, тіпті ішкен суың мен жуынған шампуныңа дейін бақылауда ұстау қажет. Әлібидің бұл ашық айтқан сөзі оның кәсіби өсу жолындағы маңызды белесі болмақ.
Толық сұхбатты біздің YouTube арнамыздан тамашалай аласыздар!
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!