UFC файтері Пауло Коста Хамзат Чимаев-тің жартылай ауыр салмаққа ауысуы мүмкіндігі туралы пікір білдірді. Бразилиялық спортшы бұл дивизионда Чимаевке оңай болмайтынын атап өтті.

«Ол 93 келі салмаққа көтерілсе екен деймін. Мен оны құшақ жая күтіп аламын. Бұл салмақта оған тіпті қиын болады. 93 келі салмақта мен — нағыз монстрмын, маған бұлшық етімді азайтудың қажеті жоқ. Бұл ол үшін трагедия болады», — деді Коста Submission Radio-ға берген сұхбатында.

Осылайша, Коста ықтимал жекпе-жекке дайын екенін білдіріп қана қоймай, ауыр салмақта өз артықшылығына сенімді екенін көрсетті.