🥊 «Өз деңгейіңді түсірме»

Тазабек Бабурдың «медиа белбеуге» деген қызығушылығын құптамай, оны кәсіби спортшы екенін ұмытпауға шақырды:

«Бабур, сендер медиа емессіңдер. Сендер кәсіби жауынгерсіңдер. Медиа белбеудің  өз иесі бар, ол — Еркебұлан Тоқтар. Сондықтан өз деңгейіңді түсірме!» — деді Тазабек.

🎥 Жанжалдың мәні

Даудың басы Бабур Абдулализовтың медиа белбеуге таласқысы келетіні туралы сөзінен басталған көрінеді. Тазабек бұл бағытты нағыз кәсіби спортшылар үшін лайықсыз деп санап, медиа саласының өз жұлдыздары бар екенін кесіп айтты.

Естеріңізге сала кетейік: Тазабек Баянов қазіргі уақытта 5-0 рекордымен келе жатқан лиганың ең перспективалы спортшыларының бірі.