Шон Стрикленд UFC 328 турнирінің басты жекпе-жегінде Хамзат Чимаевты жеңіп, UFC-дің жаңа орта салмақ чемпионы атанды.
Бес раундқа созылған айқаста төрешілер жеңісті екі жақты бөлінген шешіммен Стриклендке берді. Осылайша америкалық файтер мансабында екінші рет UFC чемпионы болды.
Шон Стрикленд UFC тарихында орта салмақта чемпиондық белбеуді қайтара алған екінші экс-чемпион атанды. Бұған дейін мұны тек Исраэль Адесанья жасаған болатын.
Стрикленд үшін бұл қатарынан екінші жеңіс болса, Хамзат Чимаев (15-1) кәсіби мансабында алғаш рет жеңілді.
Жекпе-жектен кейін Шон Стрикленд жанкүйерлерінен кешірім сұрап, Чимаевқа құрмет білдірді:
— Америкалық жанкүйерлерімнен, христиан және мұсылман жанкүйерлерімнен кешірім сұраймын. Артық кеттім. Барлығын құрметтеймін. Шешендер — нағыз мықты жауынгерлер. Хамзат — өте қауіпті қарсылас. Ол шегінбеді, мен бәрін салдым, бірақ ол алға қарай жүре берді. Баршаңызға рахмет. Біз бәріміз — америкалықпыз, — деді Стрикленд.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!