UFC президенті Дана Уайт Хамзат Чимаевтың болашағына қатысты қызықты мәлімдеме жасады.
Уайттың сөзінше, UFC 328 турнирінен кейін Хамзат оның жанына келіп, енді орта салмақта өнер көрсеткісі келмейтінін жеткізген.
— Хамзат жекпе-жектен кейін маған келіп: “Мен жартылай ауыр салмаққа көтерілгім келеді. Бұл дивизионда енді төбелескім келмейді” деді. Оның жартылай ауыр салмақта кіммен төбелесетінін білмеймін. Бірақ бұл өте қызық болар еді, — деді Дана Уайт.
Еске салайық, UFC 328 турнирінде Хамзат Чимаев мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, Шон Стриклендке төрешілер шешімімен есе жіберді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!