UFC-дің орта салмақтағы файтері Нассурдин Имавов Шон Стриклендпен реванш өткізуге ниетті екенін мәлімдеді.

Имавов әлеуметтік желіде чемпионға үн қатып:

— «Сені ұйықтатып тастаймын»  — деп жазды.

Еске салайық, Имавов (17-4) бұған дейін Шон Стриклендке төрешілердің шешімімен жеңілген болатын. Алайда сол жеңілістен кейін француз файтері қатарынан бес жеңіске жетіп, дивизиондағы ең қауіпті претенденттердің біріне айналды.

Айта кетейік, Имавов та Стрикленд секілді UFC-дің бұрынғы чемпионы Исраэль Адесаньяны жеңген.