Қазақстан кубогінің 60 келі салмақтағы финалында Қызылорда облысының балуаны Айдос Сұлтанғали Алматы облысының өкілі Ербол Камалиевті жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Айдос финалдық белдесуде жоғары деңгейдегі күресін көрсетіп, қарсыласынан басым түсті.

Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали — 2025 жылғы Әлем чемпионы және 2021 жылғы Азия чемпионы.