82 келі салмақтағы финалдық белдесу тартысты өтті. Қарағанды облысының намысын қорғаған Ибрагим Магомадов белдесу барысында сенімді күрес көрсетіп, қарсыласынан басым түсті.

Осылайша Ибрагим Магомадов өз салмағында Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Ибрагим Магомадов — 2026 жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері.