Қазақстан кубогі аясында еркін күрестен 97 келі салмақ дәрежесінде финалдық белдесу өтті. Кілемге Астана қаласының өкілі Ризабек Айтмұхан мен Шығыс Қазақстан облысының балуаны Нұрдәулет Бекенов шықты.
Тартысты өткен кездесуде Ризабек өз шеберлігін дәлелдеп, қарсыласын жеңді. Осылайша, астаналық балуан Қазақстан кубогінің алтын медалін иеленді.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан — 2023 жылы Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!