79 келі салмақтағы финалда Жамбыл облысының өкілі Нұрдәулет Қуанышбай мен Алматы қаласының балуаны Ерхан Әбіл белдесті.

Финалдық кездесу өте сақ және тактикалық сипатта өтті. Қос балуан да тәуекелге көп барған жоқ. Алғашқы ұпай Нұрдәулет Қуанышбайдың сылбыр күресі үшін Ерхан Әбілге берілді. Кейін дәл осындай жағдай тағы қайталанып, алматылық спортшы есеп айырмасын ұлғайтты.

Белдесудің соңғы секундтарында Ерхан Әбіл нәтижелі әдіс жасап, қоржынына тағы 2 ұпай салды. Нәтижесінде, финал 0:4 есебімен аяқталып, Ерхан Әбіл Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды.

Айта кетсек, Ерхан Әбіл — 2026 жылы Антальяда өткен Victory Cup халықаралық турнирінің қола жүлдегері.