26-28 маусым аралығында Қытайдың Циндао қаласында өтетін Әлемдік Гран-при кезеңінде қазақстандық спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Бұл 33 жастағы балуан үшін Париж-2024 Олимпиадасындағы тарихи жеңістен кейінгі алғашқы ресми жарыс болмақ. Сол сында Сметов Қазақстан дзюдосы тарихындағы ең маңызды жетістіктердің біріне қол жеткізіп, Олимпиада алтынын жеңіп алған еді.
Қазақстан құрамасының көшбасшысының турнирге қатысатынын Халықаралық дзюдо федерациясы ресми түрде растады. Циндаодағы жарыс әлемдік дзюдо маусымындағы ең қызықты турнирлердің бірі болмақ.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!