Қазақстандық MMA файтер Асу Алмабаев RAF лигасымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы спортшының бапкері Эдуард Базров хабарлады.
Базровтың айтуынша, грэпплинг пен күрестен мықты базасы бар Алмабаев бұрыннан бері осындай форматтағы белдесулерде өзін сынап көргісі келген.
«Осындай үлкен лига ашылғанда, біз бірден қызығушылық таныттық. Ол жаққа баруға ниетті болдық. Бізге Эльдар Эльдаров көмектесті. Соның арқасында Асу RAF-пен келісімшартқа отырды. Қазір дайындалып жатырмыз», - деді Базров.
Сонымен қатар бапкер команданың басты армандарының бірі - аңызға айналған америкалық файтер Деметриус Джонсонмен күресу екенін айтты.
«Деметриус Джонсонмен белдесу - біздің арманымыз. Бірақ қазір басты мақсат - алдағы жекпе-жекте жеңіске жету. Одан кейін лигадағы белдесулерге дайындаламыз», - деді ол.
Сондай-ақ Эдуард Базровтың сөзінше, RAF болашақта турнирлерінің бірін Алматы қаласында өткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда бұл бастама талқыланып жатыр.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!