73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Эльдар Бірімбай қола медаль иеленді.

Азия чемпионатының жартылай финалында Бірімбай ирандық Әмір Бахтияримен кездесті. Иран өкілі жекпе-жекте 2:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Эльдар Бірімбай құрлық біріншілігін қола жүлдемен аяқтады. Бұған дейін 54 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Еңсегенов те үздік үштіктен көрінген болатын.

Сурет: Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі