P4P рейтингінің көшбасшысы Ислам Махачев келесі жекпе-жегін 15 тамыз күні өткізеді. Бұл туралы файтер Дағыстан мен Осетия құрамалары арасындағы күрес кездесуінде берген сұхбатында мәлімдеді.

UFC 330 турнирі Филадельфия қаласында өтеді. Алайда Махачев әзірге нақты қарсыласының кім болатынын айтпады.

«Тамыз айында жұдырықтасатыным анық. Бірақ қарсылас бойынша әлі жүз пайыз шешім қабылданған жоқ. Дайындығым жақсы деңгейде», — деді Махачев.

Қазіргі таңда басты үміткерлер қатарында Иен Мачадо Гэрри мен Майкл Моралес бар. Сонымен қатар Карлос Пратеспен жекпе-жек өтуі де мүмкін екені айтылуда.