Хамзат Чимаев Шон Стриклендпен өтуі мүмкін реванш туралы пікір білдіріп, төрешілердің шешіміне күмән келтірді.
«Барлық төреші — америкалық болды. UFC-дің өзі де америкалық лига. Шешен ұлтынан ешкім жоқ. Жекпе-жек тең өтті. Осылай саралай келе, жеңісті кімге береді деп ойлайсыңдар?», — деді Чимаев.
Сонымен қатар Хамзат әлеуметтік желіде Шон Стриклендке үндеу жасады:
«Мен күтіп отырмын. Дайын болғанда айт, Шон Стрикленд. Келесі жолы біреу өлуі керек. Ешқандай сылтау жоқ — мен оны тас-талқан еткім келеді. Ол қашып жүр».
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!