Астанада Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) өкілдері жұмыс сапарымен болып, Қазақстанда өтетін ірі халықаралық жарыстарға дайындық жұмыстарын талқылады.
Сапардың негізгі мақсаты – 2026 жылы ұйымдастырылатын Grand Prix Final Astana турнирі мен 2027 жылғы ересектер арасындағы таеквондодан Әлем чемпионатына дайындық барысымен танысу болды.
Халықаралық делегация елордадағы жарыстар өтетін спорт нысандарын аралап, инфрақұрылымның дайындығын бағалады. Сонымен қатар тараптар жарыстарды ұйымдастыруға қатысты техникалық, логистикалық және операциялық мәселелерді жан-жақты талқылады.
World Taekwondo делегациясының құрамында Олимпиада ойындары мен федерация ұйымдастыратын ірі халықаралық жарыстардың техникалық делегаты Мохамед Шаабан, спорт және іс-шараларды басқару департаментінің директоры Кисам Ким, сондай-ақ федерацияның техникалық және IT-директоры Томас Боссер болды.
Grand Prix Final турнирі мен Әлем чемпионатын өткізу Қазақстандағы таеквондо спортының дамуына тың серпін беріп, Астананың халықаралық деңгейдегі ірі спорттық жарыстарды қабылдай алатын жетекші орталықтардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!