Ақ үйдің көгалында өткен тарихи UFC Freedom 250 турнирі жанкүйерлерге бірқатар жарқын жекпе-жектер сыйлады.
Кештің басты оқиғасында жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Илия Топурия (17-0) мен уақытша чемпион Джастин Гэйтжи (28-5) чемпиондық белбеулерді біріктіру үшін октагонға шықты.
Жекпе-жектің алғашқы раундынан бастап Гэйтжи қарсыласына ауыр соққыларын дәл тигізіп, Топурияның бет-жүзін қатты зақымдады. Екінші раундта гүржілік-испан файтері тәуекелге барып, денеге бағытталған соққыларымен америкалықты қиналтып, партерде бірнеше рет жекпе-жекті аяқтауға тырысқанымен, Гэйтжи қиын сәттен шыға білді.
Үшінші раундтан бастап жекпе-жектің тізімі толықтай америкалықтың қолына өтті. Топурияның қарқыны бәсеңдеп, Гэйтжи оны нокдаунға жіберіп, жекпе-жекті өз бақылауына алды. Төртінші раундқа дейін Топурияның екі көзі де ісіп кеткен болатын. Раунд аяқталғаннан кейін оның бұрышы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, Гэйтжи техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша Джастин Гэйтжи мансабында алғаш рет UFC-дің даусыз жеңіл салмақ чемпионы атанды.
Кештің мейн-ивентінде ауыр салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу сарапқа салынды. Франциялық Сирил Ган екінші раундта Алекс Перейраны техникалық нокаутпен жеңіп, UFC ауыр салмағының уақытша чемпионы атанды.
Тағы бір маңызды кездесуде бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Шон О’Мэлли канадалық Эйеманн Захабиді екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, қазіргі чемпион Петр Янды жекпе-жекке шақырды.
Сондай-ақ ауыр салмақтағы америкалық Джош Хокит екінші раундта Деррик Льюисті техникалық нокаутпен жеңсе, Маурисио Руффи Майкл Чендлерді, Бо Никал Кайл Дакасты, ал Диего Лопес Стив Гарсияны мерзімінен бұрын жеңді.
UFC Freedom 250 турнирінің негізгі нәтижелері:
• Джастин Гэйтжи Илия Топурияны техникалық нокаутпен жеңді (әрі қарай жалғастыра алмады) — 4-раунд, 5:00
• Сирил Ган Алекс Перейраны техникалық нокаутпен жеңді — 2-раунд, 1:27
• Шон О’Мэлли Эйеманн Захабиді техникалық нокаутпен жеңді — 2-раунд, 4:02
• Джош Хокит Деррик Льюисті техникалық нокаутпен жеңді — 2-раунд, 4:09
• Маурисио Руффи Майкл Чендлерді техникалық нокаутпен жеңді — 1-раунд, 4:29
• Бо Никал Кайл Дакасты техникалық нокаутпен жеңді — 1-раунд, 4:34
• Диего Лопес Стив Гарсияны нокаутпен жеңді — 2-раунд, 2:42.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!