Кештің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы рейтинг көшбасшыларының бірі Манель Капе мен жапониялық ардагер Кёдзи Хоригути қарымта жекпе жек өткізеді. Бұл олардың сегіз жылдан кейінгі екінші кездесуі болмақ. Алғашқы жекпе-жек 2017 жылы өтіп RIZIN ұйымында Хоригути үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіске жеткен еді.
Капе UFC-дегі тарихи жетістікке бір қадам қалды. Анголалық файтер UFC-дегі ең жеңіл салмақ дәрежесінде бес нокаутпен жеңіске жетіп, бұл көрсеткіш бойынша дивизион үздігі Джозеф Бенавидеспен тең тұр. Егер ол Хоригутиді нокаутпен жеңсе, дивизион тарихындағы ең көп нокаут жасаған спортшы атанады.
Капенің мансабындағы 22 жеңістің 19-ы мерзімінен бұрын аяқталған. Оның ішінде UFC-дегі жеті жеңісінің бесеуі нокау. Сондай-ақ ол UFC ең жеңіл салмақ тарихындағы ең көп нокдаун жасаған спортшылар тізімінде үшінші орында тұр. Оның еншісінде жеті нокдаун бар. Бұл көрсеткіш бойынша тек Дейвесон Фигейреду (11) мен Кай Кара-Франс (8) қана алда.
Ал Хоригути UFC-ге 2025 жылдың қараша айында қайта оралғаннан бері екі жекпе-жекте де жеңіске жетті. Қазіргі таңда оның ең жеңіл салмақтағы бес жекпе-жектен тұратын жеңісті сериясы бар. Бұл дивизиондағы белсенді сериялар арасында тек Джошуа Ванның жеті жеңістік сериясынан кейін тұр.
Жапониялық спортшы UFC-дегі тоғыз жеңісінің алтауын төрешілер шешімімен аяқтаған. Сондықтан алдағы басты кездесу Капенің ауыр соққысы мен Хоригутидің тәжірибесі мен тактикалық шеберлігінің текетіресіне айналмақ.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!