70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сұңқар Сейдахмет финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде үндістандық Сумит Кумар Лаксман Бхараскарға есе жіберді. Нәтижесінде қазақстандық балуан күміс жүлдеге ие болды.

97 келіге дейінгі салмақта Самир Дурсунов та финалға шығып, алтын медаль үшін өткен белдесуде қытайлық Ян Юаньчуньге жол беріп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Ал 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айбек Қалиахмет қола медаль үшін өткен кездесуде Өзбекстан өкілі Амирбек Урдушевті жеңіп, Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды.