UFC 329 турнирі өз мәресіне жетті. Кештің басты жекпе-жегінде Макс Холлоуэй Конор МакГрегорды бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. МакГрегор аяғынан жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Ко-мэйн ивентте Пэдди Пимблетт Бенуа Сен-Дениді бірінші раундта D’Arce әдісімен тұншықтырып жеңді.

Марио Баутиста Кори Сэндхагеннен төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен басым түссе, Брэндон Ройвал Лонэ Кавануды үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.

Сондай-ақ Кинг Грин Терренс МакКинниді, Роберт Уиттакер Никита Крыловты, Гейбл Стивсон Элайша Эллисонды және Эдриан Янез Коди Гарбрандтты техникалық нокаутпен жеңді.

UFC 329 турнирінің толық нәтижесі:

Макс Холлоуэй қарсыласы Конор МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңді. (аяқ жарақаты), 1-раунд, 1:09.

Пэдди Пимблетт қарсыласы Бенуа Сен-Дениді қылқындыру әдісімен жеңді. (D’Arce choke), 1-раунд, 0:52.

Марио Баутиста қарсыласы Кори Сэндхагенді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. (29-28, 29-28, 29-28).

Брэндон Ройвал қарсыласы Лонэ Кавануды қылқындыру әдісімен жеңді. (rear-naked choke), 3-раунд, 3:39.

Кинг Грин қарсыласы Терренс МакКинниді техникалық нокаутпен жеңді, 1-раунд, 4:59.

Роберт Уиттакер қарсыласы Никита Крыловты техникалық нокаутпен, 3-раунд, 1:01.

Гейбл Стивсон қарсыласы Элайша Эллисонды техникалық нокаутпен жеңді. 1-раунд, 2:32.

Эдриан Янез қарсыласы Коди Гарбрандт техникалық нокаутпен жеңді, 1-раунд, 2:47.

Люк Райли қарсыласы Кай Камакуды нокаутпен жеңді, 1-раунд, 3:03.

Ван Конг қарсыласы Трейси Кортезді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. (29-27, 29-27, 29-27).

Дэмиан Пинас қарсыласы Сезар Алмейданы нокаутпен жеңді. 1-раунд, 4:44.

Фарид Башарат қарсыласы Джон Гарзаны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. (30-27, 30-27, 29-28).

Раян Гандра қарсыласы Закари Ристі техникалық нокаутпен жеңді. 1-раунд, 1:15.

Алессандро Коста қарсыласы Коди Дарденды қылқындыру әдісімен жеңді. (rear-naked choke), 2-раунд, 2:19.