Ел қоржынына алғашқы жүлдені грек-рим күресінен 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әли Алмас салды. Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, алтын медаль үшін ресейлік Солтан Юсуповпен белдесті.

Шешуші кездесуде Әли Алмас қарсыласына 3:8 есебімен есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Айта кетейік, бүгін, 28 шілде күні Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Дияр Аманали (55 келіге дейін) әлем чемпионатының финалында белдесіп, алтын медаль үшін күреседі.