Финалдағы тартысты белдесу

55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз шешуші сында Венгрия өкілі Кеве Ковачпен шеберлік байқасты:

  • Белдесуде Дияр бірінші болып ұпай еншіледі, кейін қарсыласы есепті теңестірді — 1:1.

  • UWW ережесіне сәйкес, алғашқы болып ұпай еншілеген Дияр Аманали жеңімпаз деп танылып, әлем чемпионы атанды!

Алтынға дейінгі жол

  • 1/4 финал: Дияр қосымша көрсеткіштер бойынша грузиялық балуан Гиорги Кеделидзеден басым түсті.

  • 1/2 финал: Болгария спортшысы Данимир Йордановты 8:1 есебімен айқын жеңді.

 Естеріңізге сала кетейік, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 әлем чемпионаты Бакуде 27 шілде мен 2 тамыз аралығында өтуде.

Жерлесімізді жарқын жеңісімен құттықтаймыз! 🇰🇿