HBO жаңа жобамен жанкүйерлерді қуантпақ — компания Илия Топурия туралы деректі сериалдың премьерасын ресми түрде жариялады. Жоба осы жылдың маусым айында көрерменге жол тартады.

«Los Topuria» атты сериал чемпион файтердің жартылай жеңіл салмақтағы алғашқы титулдық жекпе-жегінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі қалыптасу жолын жан-жақты көрсетеді. Көрермен спортшының мансабындағы маңызды сәттер мен жеке өміріне қатысты тың деректерге куә болады.

Жоба әрқайсысы 50 минутқа созылатын үш бөлімнен тұрады.