48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында қазақстандық балуан Өзбекстан өкілі Фарух Махмудовпен белдесіп, 7:3 есебімен сенімді жеңіске жетті. Осылайша Бақдаулет әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Енді алтын медаль үшін өтетін шешуші белдесуде қазақстандық балуан Үндістан өкілі Аарьянмен күш сынасады.

Осылайша, Бақдаулет Ағабек Қазақстан құрамасына U17 әлем чемпионатының алтын медалін әперуге бір қадам жақындады.