71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық палуан үшінші орын үшін өткен кездесуде Түрікменстан өкілі Мекан Худайбереновті 6:4 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.

Әділет жарыс жолында Әзербайжан балуаны Тунар Гулиев пен Молдова өкілі Павел Мавродиден басым түсіп, кейін жұбаныш белдесуінде АҚШ спортшысы Кэмрин Ховардты 11:2 есебімен айқын жеңген болатын.

Осылайша, Әділет Рысбай Қазақстан құрамасының қоржынына U17 әлем чемпионатының кезекті жүлдесін салды.