60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық үшінші орын үшін өткен белдесуде Грузия өкілі Давит Мдзевашвилиді 5:2 есебімен жеңді.
Белдесудің шешуші сәтінде Мардан жарақат алып, шынтағы шығып кеткеніне қарамастан, қайсарлық танытып, кездесуді жеңіспен аяқтады. Осылайша, ол әлем чемпионатының қола медалін иеленді.
Айта кетейік, Мардан Орынбасар қола жүлдеге дейінгі жолда жұбаныш кезеңінде екі белдесу өткізіп, Солтүстік Македония спортшысы Суфьян Синаниді 3:0 есебімен, кейін Израиль өкілі Шай Сабагты 5:2 есебімен жеңген болатын.
Осылайша, Мардан Орынбасар Қазақстан құрамасының қоржынына U17 әлем чемпионатының кезекті қола жүлдесін салды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!