Нұрғожай турнир аясында бразилиялық Бруно Лопеспен (14-3) жекпе-жек өткізді. Қазақстандық спортшы қарсыласына мүмкіндік бермей, кездесуді бірінші раундта нокаутпен аяқтады.
Бұл жеңіс Дияр Нұрғожайдың ММА-дағы кәсіби мансабындағы 12-ші жеңісі болды. Сондай-ақ бұл оның UFC-дегі қатарынан екінші жеңісі.
Осылайша, Нұрғожайдың UFC-дегі рекорды 2-2 болды.
Ал Бруно Лопес кәсіби мансабындағы төртінші жеңілісіне ұшырап, оның UFC-дегі көрсеткіші 1-3-ке төмендеді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!