26 жастағы Салкиллд карьерасындағы ең маңызды сынақтан сүрінбей өтіп, 35 жастағы тәжірибелі полякты мерзімінен бұрын жеңді. Аустралиялық спортшы қарсыласын соққы алмасуда ғана емес, күресте де басып озды.
Жекпе-жектің алғашқы секундтарында Салкиллд қарсы шабуыл кезінде сол қолымен дәл соққы жасап, Гамротты есеңгіретіп жіберді. Бұдан кейін поляк күреске ауысуға тырысқанымен, партерде айтарлықтай басымдыққа ие бола алмады.
Керісінше, Салкиллдтің өзі бірнеше рет күреске барып, Гамроттың арқасына шығып үлгерді. Аустралиялық спортшы екінші әрекетінде қылқындыру әдісін сәтті орындап, Гамротты берілуге мәжбүр етті.
Осылайша, Куиллан Салкиллд UFC-дегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Бұл оның 2026 жылғы үшінші жеңісі. Сонымен қатар, австралиялық үшін бұл мансабындағы ең маңызды жеңістердің бірі болды.
Ал Матеуш Гамрот 2026 жылы екінші жекпе-жегін өткізді. Бұған дейін сәуір айында ол Эстебан Рибовичті қылқындыру әдісімен жеңген болатын.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!