UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев Иен Мачадо Гэрриге қарсы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті.

Бес раундқа толық созылған кездесуде Махачев төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанып, чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Жекпе-жектің екінші раундында Ислам Гэрриді нокдаунға түсіріп, кездесудегі ең маңызды эпизодтардың бірін жасады.

Бұл жеңіс Махачев үшін тарихи нәтижеге айналды. Ол UFC-дегі қатарынан 17-жеңісіне қол жеткізіп, бұған дейін Андерсон Силваға тиесілі болған рекордты жаңартты.

Осылайша, Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық мәртебесін сақтап қана қоймай, UFC тарихындағы ең ұзақ жеңісті серияның жеке-дара иегері атанды.

UFC тарихындағы ең ұзақ жеңісті серия:

 17 - Ислам Махачев

 16 - Андерсон Силва

 15 - Камару Усман

 14 - Мераб Двалишвили

 13 - Хабиб Нурмагомедов

Ислам Махачевтің кәсіби рекорды — 29 жеңіс және 1 жеңіліс.