UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев Иэн Мачадо Гэрримен өткен бес раундтық жекпе-жек туралы пікір білдірді.
Махачевтің айтуынша, ол Гэрридің әр раунд алдында құшақтасуға тырысқанын түсінбеген. Ислам қарсыласқа құрмет көрсету маңызды болғанымен, октагон ішінде мүлде басқа көзқарас қажет екенін атап өтті.
«Иэннің әр раунд алдында неге құшақтаса беретінін түсінбеймін. Біз шайқасу үшін шығамыз, бір-біріміздің бетімізді, көзімізді жарақаттаймыз. Мен барлық қарсыласымды құрметтеймін, бірақ Иэн қарсыластарын тым қатты құрметтейтін сияқты. Оны құрметтеймін, ол жақсы жігіт. Бірақ бұл — соғыс. Менің бетіме қараңыздаршы. Бұл ойын емес», — деді Махачев.
Сонымен қатар Ислам Гэрридің шеберлігіне жоғары баға беріп, оның өзіне қиын жекпе-жек ұсынғанын мойындады.
«Иэн — керемет файтер, жақсы жігіт, мен оны құрметтеймін. Ол маған қиын жекпе-жек берді, бірақ мен тағы да бәрін дәлелдедім. Бұл мансабымдағы ең қиын жекпе-жек болды ма? Білмеймін, Австралияда да өте қиын болған еді», — деді чемпион.
Махачев қарсыласының партердегі дайындығын да ерекше атап өтті. Оның пікірінше, Гэрридің бұл бағыттағы деңгейіне әйгілі джиу-джитсу шебері Демиан Майямен бірге жаттығуы әсер еткен.
«Ол партерде көп нәрсе көрсетті. Өйткені ол партер бойынша әлемдегі ең мықтылардың бірі — Демиан Майямен бірге жұмыс істейді. Бұл салмақтағы қарсыластардың мықтырақ әрі ірі екенін сеземін. Бірақ соған қарамастан, менің ойыным әлі де жүріп тұр», — деп түйіндеді Махачев.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!