Ұлдар арасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ислам Медетбай үздік үштіктен көрінді. 16 жастағы таеквондошы Әлем чемпионатында жартылай финалға дейін Таиланд, Италия, Швеция және Мексика өкілдерінен басым түскен болатын. Айта кетердігі, бұған дейін Ерасыл Ерзат (-48 кг) қола жүлдегер атанған болатын. Ташкентте өтіп жатқан Әлем біріншілігіне барлығы 119 елден 1000-ға жуық жас даянг шебері қатысуда. Жарыс 17 сәуірге дейін жалғасады.
Источник: Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!