Shanghai Oriental Sports Center аренасында Мақсат америкалық Дарриус «Beast Mode» Флауэрспен (13-8-1)кездеседі. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтеді және кештің басты айқасы болмақ.
Мақсат Қайсардың кәсіби MMA-дегі рекорды — 9-4. Ол Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Іле Қазақ автономиялық облысында дүниеге келген. Этникалық қазақ болғанымен, халықаралық жарыстарда Қытайдың туы астында өнер көрсетеді.
Мақсат UFC-ге Dana White’s Contender Series жобасы арқылы жолдама алды. Ол промоушендегі дебютін 2022 жылдың маусымында UFC 275 турнирінде өткізіп, Стив Гарсияны бірінші раундта нокаутпен жеңді. UFC-дегі соңғы жекпе-жегінде 2024 жылдың сәуірінде Габриэль Бенитесті жеңген.
Ал оның алдағы қарсыласы Дарриус Флауэрс соңғы жекпе-жегін 4 сәуірде Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night турнирінде өткізді. Америкалық файтер екінші раундта Ландо Ваннатаны техникалық нокаутпен жеңді. Бұл Флауэрстің UFC-дегі қатарынан үш жеңілістен кейінгі алғашқы жеңісі болды.
Бастапқыда Шанхайдағы турнирдің басты жекпе-жегінде Қытайдан шыққан тағы бір этникалық қазақ Тайлақ Нұражы (Тайилакэ Нуэрацзи) өнер көрсетуі тиіс болған. Алайда кейін ол Махэшатеге ауыстырылды.
Енді Мақсат Қайсар Road to UFC 5 турнирінің Шанхайдағы кешін басты жекпе-жекпен қорытындылайды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!