57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін белдесуде Нұрасыл Асамбек Өзбекстан өкілі Ұлықбек Рашидовпен кездесті. Қазақстандық балуан тартысты әрі нәтижелі белдесуде 13:6 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының қола медалін иеленді.

Асамбек ширек финалда америкалық Айзая Кортеске 0:6 есебімен есе жіберген болатын. Алайда ол жүлде үшін күресті жалғастыру мүмкіндігіне ие болып, жұбаныш белдесуінде Қытай балуаны Чэнтао Ванды 10:5 есебімен жеңді.

Осылайша, Нұрасыл Асамбек Қазақстан қоржынына жастар арасындағы әлем чемпионатының кезекті медалін салды.

Бұған дейін еркін күрестен Бекасыл Асамбек күміс медаль жеңіп алса, грек-рим күресінен Қазыбек Қалмағамбетов әлем чемпионы атанған еді.